$521.9 €593.5 ₽6.39
×

Алматыда екі автобустың соқтығысуынан бес адам ауруханаға жеткізілді

AstanaTV
02.02.2023ж. 15:01
979
Алматыда екі автобустың соқтығысуынан бес адам ауруханаға жеткізілді

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бүгін екі автобустың соқтығысуынан қанша адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілгенін жариялады.

«2 ақпан күні, таңғы сағат 08:30-да әл-Фараби даңғылы мен Жароков көшесінің батысында екі автобустың соқтығысуымен жол апаты болды. Нәтижесінде 5 адам зардап шекті. 3 адам бас жарақаты, желке аймағының жұмсақ тіндерінің жарақаты диагнозымен Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына, 2 адам Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Екі науқас тексеруден соң амбулаторлық бақылауға жіберілді», - деп хабарлады ведомствода.

Еске салайық, бүгін Алматыда таңертең әл-Фараби даңғылында, Жароков көшесінің батысына қарай көлік апаты болды. Екі қоғамдық көлік соқтығысты