$541.01 €640.34 ₽6.52
×

Он мыңыншы қазақстандық өз көлігін заңдастырды

AstanaTV
02.02.2023ж. 15:15
Он мыңыншы қазақстандық өз көлігін заңдастырды

Көкшетау тұрғыны өз көлігін заңдастырған он мыңыншы адам болды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайтының тілшісі. 31 жастағы Азамат Еслямбеков Honda Odyssey маркалы автокөлікті Армениядан алып келген. Бүгін ер адам өзінің көлік құралын заңдастырып, қазақстандық техпаспортты, сондай-ақ мемлекеттік нөмірлік белгіні алды. Айта кету керек, заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

Өтінім беру тәсілдері:

eGov.kz үкімет порталы арқылы;

Екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы;

ХҚКО арқылы.

Ереже бойынша автокөлік Қазақстанға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінуі тиіс, қылмыстық есепте болмауы керек, басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы қажет. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі тиіс.