$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Нәрестесін дәретханаға тастаған әйелге сот үкім шығарды

AstanaTV
11.04.2016ж. 20:00
1983
Нәрестесін дәретханаға тастаған әйелге сот үкім шығарды

Жамбылда жаңа туған нәрестесін әжетханаға қалдырып кеткен келіншекке қатысты Тұрар Рысқұлов аудандық соты үкім шығарды. 21 жастағы әйел бір жарым жылын жалпы режимдегі түзету мекемесінде өткізеді. Сот отырысында келіншек өз әрекетін «абайсызда жасадым» деп ақталды. Ал, нәжіске тастаған нәресте «Үміт» балалар үйінде қала бермек. Қазір Әмина Мәжіғұлованы аналық құқығынан айыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Прокурорлар тағайындалған жазаның неге жеңіл болғанын былай деп түсіндірді.

Ердос Тұрғынбайұлы, Жамбыл облыстық прокуратурасының 10-шы басқарма прокуроры:

Міндетті түрде оның жас баласы бар болғаны, тұрғылықты мекен жайынан жақсы жағынан мінездеме берілгені ескеріліп, оған бір жыл алты ай бас бостандығанан айыру тағайындалды. Сол себептен аз тағайындалды. Негізінде бұл бап бойынша төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. 

Данияр ӘЛІМҚҰЛ