$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жыл басынан бері 443 интернет алаяқтық фактісі тіркелді

AstanaTV
02.02.2023ж. 20:00
Жыл басынан бері 443 интернет алаяқтық фактісі тіркелді

Елімізде жыл басынан бері 443 интернет алаяқтық фактісі тіркелді. Бір айлық шығын көлемі- 250 млн теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Мұны мамандар халықтың қаржылық сауатының төмендігімен байланыстырады. Қазіргі уақытта алаяқтық бойынша 150 іс ашылып, 29 азамат ұсталған. Оның 13-і қамауда. Алайда, мамандар интернет алаяқтың құрбаны болғандар ақшасын өз еркімен бергендіктен қылмыстық істің соңы қалай аяқталарын дөп басып айта алмайды. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерді де бұғаттай алмайды.

Қайрат МӘДИЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Аударма: Өткен жылы шығын 150 млрд теңге болған. Оның бір 150 млн-ын ғана қайтара алдық. Компьютерлік ақпарат саласындағы қылмыс туралы Конвенцияға Европа мемлекеттерінің 54-і мүше. Ал егер Қазақстан мүше ретінде тіркелсе, онда біз бұдан да көп чаттарды бұғаттауға мүмкіндік алатын едік. Бір айда 3 емес 10-15 бұғаттауға болушы еді. Себебі, барлық әлеуметтік желі елімізден сырт өзге мемлекеттерде тіркелген.

Р. Бақытжанқызы