$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Шахтинск әкімі тұрғындарға жылу есептегіш құрал орнатуға кеңес берді

AstanaTV
27.10.2016ж. 20:00
2740
Шахтинск әкімі тұрғындарға жылу есептегіш құрал орнатуға кеңес берді

Шахтинск тұрғындары ешқайда көшпейді. БАҚ өкілдерімен өткен брифингте шахар әкімі осылай деді. Сондай ақ ол "пайдаланылған жылу мөлшерін біліп отыру үшін әркім өз үйіне есептегіш құрал орнатуы тиіс" деп кеңес берді.

Сержан Аймақов, Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімі:

«Екі жақты бірдей келістіретін норма болмайды. Қашанда болса ТЭЦ өзіне убытокпен жұмыс істемейді.Халық әрине, мынандай ақшаны төлеуге де дайын емес.Сондықтан,орташа табу қиын.Бірақ жолы бар,ол сол жердегі тұрғындар өздеріне счетчиктер қою керек.Немесе бір үйге,немесе 4-5 үй біріктіріп пе, әртүрлі жағдайларды біз қазіргі күні ақылдасып отырмыз».

Аймақовтың айтуынша, Шахтинскдегі жеке сектор тұрғындары есептегіш құрал орнатса, жылу ақысын едәуір аз төлейтін болады. Әкімдіктегілер, тұрғындарға есептегіш құралдардың түр-түрін таныстыру үшін, Қарағанды қаласынан он шақты фирманың өкілдерін де шақырған. Ал, оған келіспеген зейнеткерлер коммуналдық қызмет ақысын төлей алмаса, үкіметтен берілетін тұрғын үй жәрдемақысын алуына болады,- дейді Сержан Аймақов.

Еске салсақ, былтыр қыста Шахтинск қаласында жылу бірден 3 есеге қымбаттаған еді. Жеке секторда тұратын 350 үйдің тұрғындары бұрын шаршы метріне 80 теңге төлесе, ол сома қаңтар айынан бастап 225 теңгеге көтерілген. Жылу таратушы «Шахтинсктеплоэнерго» серіктестігінің бұл әрекетін сот заңсыз деп таныды. Енді компания тарифті заңға сәйкес қымбаттату үшін тұрғындармен кездесулер өткізуде. Кейін бұл мәселе қоғамдық кеңесте қаралады.