$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбеде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында инфрақұрылымды дамытуға бөлінген қаржы толық игерілуде

AstanaTV
27.10.2016ж. 20:00
3311
Ақтөбеде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында инфрақұрылымды дамытуға бөлінген қаржы толық игерілуде

Ақтөбеде жаңадан бой көтерген жүздеген тұрғын үй электр желісіне қосылады деп жоспарлануда. Бұл Ұлттық қордан инфрақұрылымды дамытуға бөлінген қаржының арқасында мүмкін болмақ  «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қолға алынған шаралар ойдағыдай жүзеге асып жатыр. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында өткен қаражаттың тиімді жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссия отырысында белгілі болды. Жиында жергілікті атқарушы билік өкілдерінің есебі тыңдалды. Өңірде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 15 миллиард теңгеден асатын 53 жоба жүзеге асырылуда.

Күнбол Тұрымов, Ақтөбе облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары:

5 нысанға қаржы бөлінді. Оның ішінде бөлінген нысандардың ақшалары толығымен игеріліп, объектілердің құрылыс монтаж жұмыстары 2017 жылы аяқталады. Бүгінгі «Нұр Отан» партиясының отырысында комиссиядан біздерге ешқандай сұрақ туындаған жоқ.

Ұлттық қордан бөлінген қаражатты шашау шығармай пайдалану басты назарда. Партиялық бақылау комиссиясының өкілдері оны бақылауда ұстауды жалғастыра бермек. Комиссия отырысында аудандық мәслихаттардың да есебі тыңдалды. Партиялықтар биылғы атқарылған жұмыстардың сапасын анықтау үшін аудандарға баруды жоспарлап отыр. Мақсат - «Нұр Отан» партиясы жүктеген міндеттердің сапалы орындалуын бақылау.

Ахат Мырзалин, «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Әлеуметтік нысандар, жаңадығадай экономика саласындағы нысандар, әрбір сала бойынша бақылап отырамыз. Қазіргі Елбасы, партия Төрағасының, оның бірінші орынбасарының біздің алдымызға қойған ең үлкен талабының бірі.