Ұлттық экономика министрлігі «көлеңкеде» жұмыс істейтін кәсіпкерлерді жарыққа шығаруды армандайды. Мәжілісте салық салу және кеден әкімшілігі мәселелерін қозғайтын заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң жобасы талқыланған. Қосарланған құн салығын келесі жылдан бастап біртіндеп азайтпақ, оны шағын және орта бизнес субъектілеріне төлеткізбек.
Қуандық Бишімбаев, ҚР Ұлттық экономика министрі:
Біз 2018 жылдан бастап қосарланған құн салығының деңгейін азайта бастаймыз. Қазіргі 30 айлық есептік көрсеткішті құрайтын деңгей 25 айлық есептік көрсеткішке түседі. Осыдан кейін 8 510 шағын және орта бизнес субъектілері қосарланған құн салғын төлеуі керек. Ал 2019 жылы деңгей 20 айлық есептік көрсеткішке төмендегенде тағы 6 мың субъект тіркеу есебіне тұрады. 2020 жылы деңгей 15 айлық есептік көрсеткішті құрағанда қосарланған құн салығын қосымша 19 мың субъект төлей бастайды.
Алайда депутаттардың «бәрі жақсы болатынына» күмәні бар. Мысалы, Азат Перуашев қосарланған құн салығын азайту салық салудағы мәселелердің көбесін сөгеді деген министрдің сеніміне сенбейді. -Шын мәнінде бұл шара шағын бизнестің жүктемесін арттырады – онсыз да төлеп жүргендер көбірек төлей бастайды, ал төлемейтіндерді қалай мәжбүрлеу керектігін айтпадыңыз, яғни көлеңкелі экономикадағы айналым қысқармайды,- деді.
Бейсенбіде бір топ экономист Facebook әлеуметтік желісінде Ұлттық экономика министрлігінің ҚҚС шекті деңгейін азайтуға қарсы екендерін мәлімдеп, хат жариялады. Бұл «шағын және орта бизнесті тұншықтыру» деп есептейді. Бірнеше аргумент келтірген. Мысалы:
1) Министрліктің есебінше 2018-20 жылдары ҚҚС қосымша 167 млрд теңге түсім түседі. Ал мысалы, Қазақстанның Даму банкі 2017 -2018 жылдары сонша көлемде несие алады екен. Яғни шағын және орта бизнес аталған банкті қаржыландырмақ. Ал банк тек ірі жобаларға ақша құяды. Яғни шағын және орта бизнестің кірісі үлкен компанияларға кетеді деген сөз.
2) ҚҚС жаппай төлету кәсіпорындарды көлеңкеден шығармайды. Олар жасырған табыстарын шығарып, чек бере бастамайды.
3) Мемлекет 89 пайызы төленбейтін салықты несіне енгізеді? Ұлттық экономика министрлігінің өзі ҚҚС 11 пайызы ғана төленетінін айтады. Ал ҚҚС бойынша түрлі жеңілдіктерді негізінен тағы да сол, ірі компаниялар алады. Мысалы, қазан айында «ҚазМұнайГаз» Барлау және Өңдеу» компаниясына 24,5 млрд теңге ҚҚС қайтарылады.
Тәуелсіз экономистер мәселені шағын және орта бизнес өкілдерін қатыстыра отырып, егжей-тегжейлі талдау керектігін талап еткен.
Бірақ Бишімбаев мырза да қайтпады, жұмада Facebook –гі парақшасында ол да жазды – Ұлттық экономика министрлігі дайындаған заң жобасына сәйкес, 2017 жылдан бастап кәсіпкерлер үшін ҚҚС бойынша ешқандай өзгеріс болмайды, сондықтан жаңа заң кәсіпкерлерге ауыр салмақ салады дегендер құжатты бүге-шігесіне дейін оқымаған немесе қате талдап отыр,- деп. Алайда сарапшылар 2018 жылдан басталатын өзгерістерді сөз еткен.
Наразылықты тереңдететін тағы бір мәселе – екінші деңгейдегі банктерге жеңілдіктер мен преференциялардың сақталатыны. Депутат Екатерина Никитинскаяның айтуынша, былтыр банктер Ұлттық қор, зейнетақы қорынан барынша мемлекеттік қолдау көрсе де, ауыл шаруашылығы немесе өңдеу өнәркәсібінен аз салық төлеген. -Бюджеттің кірісін қарасақ, 2015 жылы банктер төлеген салық бар-жоғы 0,2 пайыз, бұл тенденция өзгерді ме?- деді Никитинская.
Екатерина Никитинская, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
В общих доходах республиканского бюджета в 2015 году доля налогов от банков составила всего 0,2 %. Изменилась ли эта тенденция сегодня?
Алайда министр
«өзгермегенін» айтты...