Шымкентте
«Мектепке жол» акциясы аясында бір күнде 400-ден аса бала мектепке қажет
құрал-жабдығын түгендеп алды. Мұндай қамқорлықты имамдар жасап отыр.
Облыстағы дін өкілдері мен «Зекет» қоры тұрмысы төмен, көпбалалы отбасы
балаларының керек-жарағын түгендеп берді. Оның ішінде сөмке мен
дәптер, қалам, бояу секілді нағыз қажетті заттар бар. Бұл әсіресе бір үйден бірнеше баласы
мектепке баратын ата-аналар үшін айтарлықтай жеңілдік болып отыр. Сондай-ақ жүзден
астам балаға ақшалай көмек те берілді. Дін өкілдерінің айтуынша, қаржылай
жәрдем беруге бірқатар кәсіпкерлер атсалысыпты.
"Мектепке жол"
қайырымдылық акциясы қазір аудан-ауылдарда да өтіп жатыр. Мұндай шара қыркүйек
айына дейін жалғасады. Мешіт өкілдері облыс бойынша тағы мыңға жуық баланы оқуға қажетті заттармен қамтамасыз
етіп, қуантуды көздеп отыр.
Айзада ТӨРЕБЕҚЫЗЫ