Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

Шымкентте дін өкілдері 400 балаға мектепке қажет құрал-жабдығын әперді

AstanaTV
18.08.2016ж. 20:00
2453
Шымкентте дін өкілдері 400 балаға мектепке қажет құрал-жабдығын әперді

Шымкентте «Мектепке жол» акциясы аясында бір күнде 400-ден аса бала мектепке қажет құрал-жабдығын түгендеп алды. Мұндай қамқорлықты имамдар жасап отыр. Облыстағы дін өкілдері мен «Зекет» қоры тұрмысы төмен, көпбалалы отбасы балаларының керек-жарағын түгендеп берді. Оның ішінде  сөмке мен  дәптер, қалам, бояу секілді нағыз қажетті заттар бар. Бұл әсіресе бір үйден бірнеше баласы мектепке баратын ата-аналар үшін айтарлықтай жеңілдік болып отыр. Сондай-ақ жүзден астам балаға ақшалай көмек те берілді. Дін өкілдерінің айтуынша, қаржылай жәрдем беруге бірқатар кәсіпкерлер атсалысыпты.

"Мектепке жол" қайырымдылық акциясы қазір аудан-ауылдарда да өтіп жатыр. Мұндай шара қыркүйек айына дейін жалғасады. Мешіт өкілдері облыс бойынша тағы мыңға жуық баланы оқуға қажетті заттармен қамтамасыз етіп, қуантуды көздеп  отыр.

Айзада ТӨРЕБЕҚЫЗЫ