$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Президент Сыртқы істер министрін қабылдады

AstanaTV
31.10.2016ж. 20:00
2589
Президент Сыртқы істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовты қабылдады. Кездесуде Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі аясындағы жұмыстарға әзірлік барысы талқыланды.

Айта өтейік, Қазақстан келер жылдан бастап Қауіпсіздік Кеңеске мүшелік етпек. Елбасы, бұл мәртебелі міндет әлемдік қоғамдастықтың айрықша сенімінің көрінісі болып саналатынын, жеткізді. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев сыртқы саяси қызметті атқару кезінде республика тәуелсіздігінің 25 жылдығына баса назар аудару қажеттігін де атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

25 жылда қол жеткізген Қазақстанның жетістіктері, соның ішінде республикадан тыс жерлердегі бейбітшілік пен тыныштықты сақтау ісіне қосқан үлесін шетелдік қоғамдастыққа көрсетуге тиіс. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА