Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Кейкі батырдың бас сүйегі келер жылдың жазында арулап жерленеді

AstanaTV
01.11.2016ж. 20:00
3393
Кейкі батырдың бас сүйегі келер жылдың жазында арулап жерленеді

Кейкі батырдың бас сүйегі алдымыздағы жылдың жазында жер қойнына тапсырылады. Үкімет басшысының орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтің төрағалығымен өткен жұмыс кеңесінде комиссия осындай шешім қабылдады.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі бел батырының денесі көмілген орынды іздеу үшін археологтар мен ғылыми қызметкерлерден арнайы топ құрылады. Сұрмерген қолбасшының мәйіті жатқан жерді анықтап, бас сүйегін арулап жерлеу рәсіміне қажетті дайындық жаздың соңына дейін аяқталмақ. Иманғали Тасмағамбетов сонымен қатар мәдениет және спорт министрлігі мен Қостанай облысының әкімдігіне Кейкі батырдың кесенесін тұрғызуды тапсырды.

Серік Ақылбай, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Зиялы қауым өкілдерінен құрылған комиссияның шешімі - Кейкі батырдың бас сүйегін арулап қоюды асықпай жасау керек деген. Ең басытысы елімізге бас сүйек келді. Қою мәселесі, қыстың көзі қырауда апарып жай көме салатын бас емес. Халық батыры, ел білетін. Сондықтан арулап, әдеміліп, тиісті мемлекеттік деңгейде жерлеу осы комиссияда шешілді.