$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Астана жазасын өтеп шыққандар мен қаңғыбастардан тазартылады» деген қауесет қаншалықты рас?

AstanaTV
01.11.2016ж. 20:00
2607
«Астана жазасын өтеп шыққандар мен қаңғыбастардан тазартылады» деген қауесет қаншалықты рас?

ЕХРО көрмесі кезінде Астана сотталғандар мен қаңғыбастардан «тазартыла» ма? Қала әкімінің орынбасары Андрей Лукин осы сұраққа жауап берді. Шенеунік көрме қарсаңында тұрғындар мен қонақтар қауіпсіздігі үшін бірқатар шаралар жасалатынын жасырмады.

Андрей Лукин, Астана қаласы әкімінің орынбасары:

Қаңғыбастар мен түрмеден босаған адамдарды азайту үшін белгілі бір шаралар жасалуы тиіс. Мәселен, ескерту түріндегі алдын алу, сондай-ақ әкімшілік шаралар қолдану арқылы оларды жөнге салу. Әрбір қоғам мүшесі бұл істен шет қалмай барынша атсалысуы керек. 

Андрей Лукин келтірген мәліметке сүйенсек, Астана мен Аршалыдағы екі түрмеден жыл басында 175 адам бостандыққа шыққан. 630 адам әлі жазасын өтеп жатыр. Олардың 289-ы адам өлтірген, 31-і зорлау, 6-уы қарақшылық, ал 124 адам есірткі саудасымен сотталған аса қауіпті қылмыскер. Шенеунік «қаңтарда жаза мерзімін аяқтап шыққандар жұмыс іздеп Астанаға сабылады, қауіпсіздік жайын осы бастан ойлауымыз керек» дейді.

Белгілі тұрағы жоқтар да назардан тыс қалмайтын сыңайлы. Астанада қаңғыбастар саны артып барады. Тек осы жылдың 9 айында мыңға тарта үй-күйсіз адам бейімдеу орталығына жүгінген. Лукиннің сөзінше, оларды қалаға мүлде кіргізбеу туралы сөз жоқ. Тек санын барынша азайту көзделген. Және бұл істің қалай атқарылатыны әлі талай рет талқыланады,-деді шенеунік. 

Базаргүл ОТЫНШИЕВА