$525.87 €614.37 ₽6.72
×

«Көрші» қыздың 500 мың фунт стерлинг тұратын көйлегі...

AstanaTV
05.11.2016ж. 20:00
2628
«Көрші» қыздың 500 мың фунт стерлинг тұратын көйлегі...

 Осы аптада Мәдина Шокирова есімді бойжеткеннің тойына киіп шыққан көйлегі посткеңестік кеңістікте біраз әңгіме болды.Татлер басылымы «Мәскеуде тұратын Орталық Азия елдерінен шыққан адамдардың жағдайы мүшкіл деген пікір тым өсіріп айтылған» деп, ащы әзілдеп қойды. Сонымен Мәскеудегі «Рэдиссон Ройал Москва» отелінің конгресс-паркінде өткен үйлену тойына Мәдина 500 мың фунт стерлингке бағаланған көйлек киіп шыққан. Британдық модельерлер Тамара Ральф пен Майкл Руссо «еңбегі». Көйлек бірнеше қабат шілтерден тұрады, күміс жіппен қолмен тігілген, бірнеше мың таза маржан және Swarovski кристаллдарымен көмкерілген.

27 жастағы Мәдина Шокированың Инстаграм желісіндегі парақшасына үңіліп үлгергендер бар – өте қымбат сөмкелер -  Hermes, Chanel,Dior, Valentino. Олардың құны 160 млн теңгеге жуықтайтынын да есептеп қойған. 

Ал енді оның әкесі кім? -дегенге келсек, Ресей азаматы Ильхом Шокиров тәжік пен өзбектің «ортақ баласына» ұқсайды: Ташкенттегі ең қымбат отель – «Грандтың» қожайыны, сонымен бірге Өзбекстандағы ірі сауда-ойын-сауық орталығының басым бөлігіне ие. Мәскеу түбінде бірнеше қонақүйі бар көрінеді. Сонымен қатар, интернетті ақтарсақ, 2002 жылы оның Ресей үкіметінің аппаратында істегені айтылады және сол жылы оның Душанбеде ұсталғаны туралы ақпарат бар. Оның ұсталуын Тәжікстан президентінің сайлаудағы қарсыластарының бірі, премьер-министр болған Абдумалик Абдулоджоновқа қарсы куәгерлік етуі үшін деп түсіндірген болжамдар айтылған. Шокировтің Тәжікстанда әжептәуір беделді тұлға болғаны баяндалады. Ол кезінде Рахмонның режимін қолдаған. Бірақ әлгі Абдулоджоновтың қол астында істегендіктен және Абдулоджонов Рахмонның жауына айналғасын, Шокиров те автоматты түрде жауына айналып шыға келген...

Уақыт өте «қара бұлттар» сейілгені анық – мысалы, 2010 жылы ол ұлын үйлендіріп, Мәдинаның тойынан да өткен дүркіреген той жасаған. Ұлы Өзбекстанның вице-премьері Рустам Азимовтың қызын алған. Келіні 2 млн доллардың көйлегін киген.