$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Конституциялық кеңеске өлім жазасына енгізілген мораторийді алып тастау үшін жыл соңына дейін тиісті өтініш түсуі мүмкін

AstanaTV
02.11.2016ж. 20:00
3433
Конституциялық кеңеске өлім жазасына енгізілген мораторийді алып тастау үшін жыл соңына дейін тиісті өтініш түсуі мүмкін

Өлім жазасына енгізілген мораторийді алып тастау туралы өтініш Конституциялық кеңеске түсуі мүмкін. Тиісті өтінішпен Президент, Премьер-министр немесе Парламент қана жүгіне алады. Бұл туралы "Астана" телеарнасына Конституциялық кеңестің баспасөз хатшысы Гүлнар Байділдә хабарлады. Оның айтуынша, әзірге өтініш түспеген. Алайда Елбасы Кеңестің қатысуынсыз-ақ біржақты шешім қабылдауға құқылы.

Гүлнар Байділдә, ҚР Конституциялық кеңесінің баспасөз хатшысы:

Егер оның сұрақтары болмаса және заңнамалық тұрғыда неге сондай шешім қабылдағанын түсіндірсе, әрине, Президентте ондай құқық бар. Яғни ол заңды бастама жасауға қабілетті. Қалай дегенмен, Конституциялық кеңеске өтініш келіп түсуі ықтимал. Депутаттар, тіпті Президент те шығуы мүмкін. Өйткені бұл өте жауапты, прецедентті, әлеуметтік және саяси сұрақ.

Айгүл ӘДЕПБАЙ