«Тәуелсіз Қазақстан»
мамандандырылған ақпараттық үгіт-насихат пойызы өңірлердегі жұмысын бастады.
Мәжіліс депутаттары мен министрлік өкілдері бүгін «Нұр Отан» партиясының
Қарағанды облысындағы филиалында қоғамдық қабылдау өткізді. Негізінен құқықтық
кеңес берді. Азаматтардың талап-арыздарын жергілікті құқық қорғау орындарының
басшылары да тындады. Зейнеткер Ұнат
Қайсаұлы осыдан 4 жыл бұрын Моңғолиядан қоныс аударған. Содан бері зейнетақысын
рәсімдей алмай, талай мекеменің табылдырығын тоздырыпты. 75 жастағы қарияның
мәселесін үгіт-насихат тобы өкілдері шешіп беруге уәде етті.
Ұнат Қайсаұлы, Қарағанды облысы
Саран қаласының тұрғыны:
12 600 деп тоқтатып берген.
Осының алдында барып едім, қайта берілмейтін болды деді. Бүкіл документімді
прокурорға өткеріп кеттім. Шешіп беретін болды, осыған қуанып жатырмын.
Үгіт-насихат тобының айтуынша,
өңірлерде осы секілді шешімін таппаған қарапайым мәселелер көп. Мәселен,
пәтерлерді рәсімдеу, әлеуметтік, медициналық көмек алу, жұмысқа орналасу
бойынша құқықтық білімнің жоқтығынан проблемаларын жылдар бойы шеше алмай келе
жатқандар бар. Сондықтан «Тәуелсіз Қазақстан» акциясы аясындағы қоғамдық
қабылдаулар барлық өңірлерді қамтымақ, деді.
Белсенділер 43 күннің ішінде 35
елді мекенді аралауды жоспарлап отыр. Осы уақыт аралығында» Нұр Отан»
партиясының облыстық, қалалық, сондай-ақ аудандық филиалдарында 33 қабылдау
өтеді. Қарағанды қаласында бұл шара екі күнге жалғаспақ.
Нұрлан Дулатбеков, ҚР
Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:
Халықпен кездесіп, солардың
мұң-мұқтажын білу үшін сонымен қоса біздің Қазақстанда қандай өзгерістер,
жетістіктер болды, соны айтамыз. 7 министрлік өкілдері бар, оларға сұрақ
қойылады. Медициналық көмек көрсетеміз. Қандай проблемалар бар, солардың бәрін
шешу үшін келіп отырмыз.