$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматы облысындағы жүк пойызы вагондарының жолдан шығу себебін анықтайтын комиссия құрылды

AstanaTV
07.11.2016ж. 20:00
2423
Алматы облысындағы жүк пойызы вагондарының жолдан шығу себебін анықтайтын комиссия құрылды

Жүк вагондарының жолдан шығып кетуінен діттеген жерлеріне уақытылы жете алмаған жолаушыларға өтемақы төленеді. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» компаниясы өз сайтында ресми ақпарат жариялады.

2851 нөмірлі жүк пойызының апаты бүгін таңғы уақытта Алматы-Отар бағытындағы Саз станциясында болған. Рельстен 12 вагон шығып кеткен. Зардап шеккендер жоқ. Қозғалысты қалпына келтіруге 9 сағат уақыт кетті. Бұл келеңсіз жағдайды зерттеу үшін арнайы комиссия құрылған.

Айбек ҚОСАН