Шымкент
әуежайында күн сайын 1 мыңдай жолаушы қосымша тексеруден өтеді. Әуе тасымалына
қызмет көрсететін нысан маусым айынан бастап осындай күшейтілген қауіпсіздік
қызметіне көшкен. Премьер-министр Кәрім Мәсімов Оңтүстік Қазақстан облысына
жұмыс сапары кезінде халықаралық әуежайдың кіре берісінде орнатылған жаңа жүйенің жұмысымен танысты. Ұшу-қону жолағының
қайта жөндеу жұмыстарына да қанықты. Темір жол бекеті мен автовокзал
қызметіндегі жолаушылар үшін жасалған қауіпсіздік шараларына үкімет басшысы оң
баға берді. Айта кетейік, бұл нысандардағы күшейтілген тәртіп елімізде
террористік қауіптің сары белдеуі енгізілуіне байланысты орын алып отыр. Бұл
шара келесі жылдың 15 қаңтарына дейін ұзартылған.
Кәрім Мәсімов сондай-ақ өңірдегі туризмнің даму қарқынын жоғары бағалады. Премьер-министрдің сайты Үкімет басшысының Түркістанда болған сапарында зиялы қауым өкілдерімен
кездескенін жазады.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ