Балаларымен
қаңғып қалған жалғызбасты аналар көбеймесе азаяр емес. Әлеуметтік желілерде
көмекке мұқтаж мұндай жандар туралы мәліметтер көп. Сонымен бірге қайырымды
адамдардың оларға баспана салып беріп жатқаны жайлы да жағымды ақпараттар бар.
Оның ішінде төгілген дүние-мүлкі жоқ адамдардың қайырымдылығы тәнті етеді.
Мысалы, төбесі ортасына түскелі тұрған үйде жылап отырған Мехринисаның көз
жасын Замира көрді.
Мехриниса
Ходжаева, Шымкент қаласының тұрғыны:
Мен
жылайтынмын, қиналып отырып жылайтынмын. Інім жоқ, ағам жоқ қарасатын,
көмектесетін деп. «Міне, Замира әпше болады саған, көрдің бе, ал сен жылай
бересің, жылай бересің, Құдай жеткізді бізге»,- деп қуанып балалар.
Мехриниса мен Замира жайлы, сонымен бірге ауру баласы бар жалғызбасты аналардың мұң-мұқтажы туралы материалды ертең, 20.00-де, «Біздің уақыт» ақпарат-сараптамалық бағдарламасынан көре аласыздар!