Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады

AstanaTV
09.11.2016ж. 20:00
2586
Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады - деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысы қос ел арасындағы дипломатиялық келісімнің 25 жылдығын айрықша атады. АҚШ-тың 45 ші президентін барша Қазақстан халқының және өз атынан құттықтауын жеткізген. «Сіздің басшылығыңызбен Америка халқы тұрақтылықта өмір сүреді, бүкіл әлемде қауіпсіздік пен гүлдену болады деп сенемін», - делінген жеделхатта.

Ал Жапониядағы 4 күндік іссапарын қорытындылаған Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Кореяға ресми сапармен барды. Сеулде Оңтүстік Кореяның президенті Пак Кын Хемен кездесіп, маңызды келіссөздер жүргізеді деп күтілуде. Кездесу қорытындысы бойынша екі ел арасында бірқатар құжаттарға қол қойылмақ.