Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Барахолка базарларында жоспарсыз тексеру жүргізілуі мүмкін

AstanaTV
19.08.2016ж. 20:00
2218
Барахолка базарларында жоспарсыз тексеру жүргізілуі мүмкін

Өртке оранған «Олжа» базарында соңғы рет тексеріс осыдан 4 жыл бұрын жүргізілген. Сондықтан Алматының барахолка базарларында алдағы уақытта жоспарсыз тексеру жүргізілуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері мәлімдеді. Айтуларынша, өрт тұтанған базар 2013 жылғы алапат өрттен кейін жұмысын былтырға дейін тоқтатқан. Осы уақыт аралығында мұнда қайта құру жұмыстары жүргізілген. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мамырда жоспарлы тексеру жүргізбек болған. Алайда, меншік иесі мен базар атауының өзгеруіне байланысты тексерілмеген. Енді 2017 жылдың алғашқы жартыжылдығына жоспарлап отыр.

Айдос Нүсіпбаев, Алматы ТЖД өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және алдын алу қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы:

Қазір өрт болған базарда өрт сөндіру зертханасы және қалалық Ішкі істер департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Өрттің шығу себептерін анықтау үшін оған қатысты материал Алматы қалалық Ішкі істер департаментіне беріледі. Бұл жерде өрт қауіпсіздігі ережесінің бұзылуынан бастап, қасақана өрт қоюға дейінгі барлық болжамдар қарастырылатын болады. Егер өрттің шығу себептеріне қатысты жоспарсыз тексеруге негіз табылып жатса, онда біз заң аясында барахолкадағы барлық базарларда жоспарсыз тексеру жүргізетін боламыз.