$516.93 €542.52 ₽4.98
×

Ақтауда зорлық көрген сәбидің туыстарына балаға қатысты экспериментальді әдістерге тиым салынды

AstanaTV
10.11.2016ж. 20:00
2797
Ақтауда зорлық көрген сәбидің туыстарына балаға қатысты экспериментальді әдістерге тиым салынды

Ақтауда зорлық көрген сәбидің «ми клеткалары өлген». Осылай деп диагноз қойған дәрігерлер, «Ана мен бала» ғылыми орталығында өткен 79 күндік ем нәтиже бермеді, дейді. Әлемдегі беделді медицина орталықтарымен жасалған байланыстан пайда болмаған.

Жақында Викторияның туыстары АҚШ клиникаларының бірінен ғылыми орталықта мидың жұмысын жандандыруға мүмкіндік беретін ғылыми жұмыспен танысыпты. Алайда балаға эксперимент жасау - заңға қайшы.

Асхат Сапаров, «Ана мен бала» ҰҒО бөлім басшысы:

Алдағы уақытта жасайтын болса да, оны 18 жастан жоғары адамдарға жасайды. Біз олардың протоколдарын алдық. Сол протокол бойынша әріптестерімізбен де ақылдастық.

Ал анасы күдіктінің қолға түскенін айтады. Бірақ бірінші орында баланың беті бері қарағанын күтіп жүр. Шет ел асу қымбат әрі бала үшін қауіпті екенін де білем, дейді.

Сабина Насирова, Викторияның анасы:

Бұрынғы жолдасым қазір Ақтауда сот ісімен жүр. Менің ол туралы ойлауға уақытым жоқ. Бар ойым - баламның беті бері қараса екен деймін. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасауда. Күткеннен басқа амалымыз жоқ. 

Дауренбек БАҚДАУЛЕТ