Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Астанада мектеп оқушылары арасында робототехникадан чемпионат өтеді

AstanaTV
19.08.2016ж. 20:00
2163
Астанада мектеп оқушылары арасында робототехникадан чемпионат өтеді

Жаңа оқу жылынан бастап Астанада мектеп оқушылары арасында робототехникадан чемпионат өтеді. Сондай-ақ биыл инновациялық бағытта терең жұмыс істейтін 10 мектеп іріктелмек. Бұл туралы елорда әкімі Әсет Исекешев тамыз кеңесі аясында мәлімдеді. Жаңа басшылық оқушылардың ғылыми шығармашылық әлеуетіне басымдық беруге ниетті. Жуырда әкімдіктің ресми сайты интерактивті режимде жұмыс істейді. Қойылған сұраққа бірден онлайн жауап беріледі. Креативті әкім білім төңірегіндегі проблемаларды, ұсыныстарды онлайн талқылауға шақырды.

Әсет Исекешев, Астана қаласының әкімі:

Биыл 10 мектепті анықтаймыз. Олар инновациялық мектептер ретінде таңдалады. Ірі компаниялармен бірігіп немесе жергілікті бюджеттен қажеті қаражат бөліп, робототехника, ақпараттық технология, 3 д принтер зертханаларын жасақтаймыз. Бүкіл әлем ұмтылып жатқан, жаңа экономикаға сай әдістеме енгізіледі. Әр мектептен 1 қыркүйекке дейін ұсыныстар күтеміз.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ