Бүкіл
елді дүрліктірген Тараздағы терактіге 5 жыл толды. Бүгін Жамбыл жұрты сол қанды
оқиғада лаңкесті тоқтатып, өзі де опат болған Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты
еске алды. Тәртіп сақшысы тірі болғанда биыл 45 жасқа толар еді. Ержүрек
полицей батылдық танытпағанда, сол күні құрбан болғандар саны анағұрлым көп
болар ма еді. Есір ерді еске алған туыс-бауырлары осылай десті. Тараз халқы
Ғазиз Байтасовтың ескерткішіне гүл
шоқтарын қойды. Батыр рухына бас иді.
Еске
салайық, 2011 жылдың 12 қарашасында Таразда қанды оқиға болды. Қолына қару
алып тапа тал түсте адамдарға оқ ақтан қарақшы жеті азаматты мерт қылды.
Денесіне бомба байлаған қарулы қаскөй Мақсат Қариев бейбіт елді дүрліктірген
болатын. Алдымен Ұлттық қауіпсіздік
комитеті департаментінің ғимаратына оқ жаудырған ол, кейіннен қаладағы қару
сататын дүкеннің біріне басып кіріп, сатушы мен қожайынын өлтірді. Артынша өзін
тоқтатпақ болған 5 полицейді жер жастандырды. Оны тоқтатуды көздеген капитан
Байтасов жарылыс жасамақ болған жанкештіні ту сыртынан құшақтап алып жерде құлатқан
кезде, жарылғыш зат іске қосылып, полицей көз жұмған еді.
Данияр ӘЛІМҚҰЛ