Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Ақтауда тұңғыш рет коммерциялық жерлерді сату аукционы өтті

AstanaTV
11.11.2016ж. 20:00
2464
Ақтауда тұңғыш рет коммерциялық жерлерді сату аукционы өтті

Ақтауда тұңғыш рет коммерциялық жерлерді сату аукционы өтті. Саудаға 5 жер телімі шығарылды. Жалпы сомасы 70 млн теңге. Аукционның қорытындысы бойынша 180 млн теңгеден астам пайда түсті. Бұл ең төменгі бағамен салыстырғанда 110 млн-ға көп. Аталған шараға 30 адам қатысты. Талапқа сәйкес бір лотқа кем дегенде 4 адам қатысуы тиіс. Аймақта 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап кадастрлық бағамен кәсіпкерлерге жер сатып алуға тиым салынған. Жер кодексінің 48-ші бабына өзгеріс енгізілген соң, кез келген телімді тек аукцион арқылы ғана алуға болады.

Айнұр Тастамбекова, жеке кәсіпкер:

Бұл үрдісті құптаймын. Келесі аукционға бұдан да көп адам қатысады деп ойлаймын. Бірақ құны қымбаттау болатын шығар. Себебі ұйымдастырушылар халықта ақша бар екенін және сатып алушылардың  болатынын біледі. 

Саудаға жауаптылар ешқандай құқық бұзушылық орын алмағанын айтады. Жеңімпаз болғандар келер аптадан бастап жердің заңды иесі атанбақ. Тиісті келісімшартқа сәйкес жаңа қожайындар бес күннің ішінде жер құнының 50 пайызын төлеп қоюы керек. Қалған жартысын бір айдан кешікпей төлеуі шарт. Сейсенбі күні әкімшілік сатып алу-сату келісімін жасайды. Жер жеке меншіктің қолына өтеді. Кәсіпкерлер қалауына қарай алған жеріне құрылыс жүргізе алады. Бірақ қаланың сәулет басқармасының келісімін алуға міндетті.

Айбек ҚОСАН