$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Алматыдағы өртке себепші болған Батут орталығының директоры қамауға алынды

AstanaTV
14.11.2016ж. 20:00
2302
Алматыдағы өртке себепші болған Батут орталығының  директоры қамауға алынды

Алматыдағы бизнес орталығынан шыққан өртке күдікті ретінде бір азамат ұсталды. «Батут орталығы» ЖШС директоры Дәурен Тұяқов қалалық уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алматы қаласының тұрғыны 33 жастағы күдікті Қылмыстық кодекстің 292 бабы 3 бөлімімен сезікті ретінде тергелетін болады. Оған өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны және оның салдарынан бір немесе одан да көп адамның өліміне соқтыруға кінәлі деген айып тағылып отыр. Егер оның қылмысы дәлелденсе, 5 жылдан 10 жылға дейін жаза арқалауы мүмкін.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:

Аталған нысанда өрт қауіпсіздік ережелерінің сақталмағаны анықталды. Соның нәтижесінде 12 қараша тергеп жатқан анықтаушы Қылмыстың кодекстің 128 бабына сүйене отырып, азамат Тұяқовты Алматы қаласы ішкі істер департаментінің уақытша оқшаулау абақтысына қамап қойды.

Айта кетейік, Алматыда 6 қараша күні «Алматы тауэрс» бизнес орталығында ірі өрт шығып, 6 адам қаза тапқан болатын. Оның бірі дәнекерлеуші болса, қалғаны жалданып жұмыс істеген студенттер болып шыққан еді.