Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы "Нұр Отан" партиясының назарында

AstanaTV
17.11.2016ж. 20:00
2756
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы "Нұр Отан" партиясының назарында

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жетістіктерінен халық бейхабар. Бұл «Нұр Отан» партиясының көшпелі отырысында айтылды. Бүгін Астанадағы Есіл аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында партияның "әлеуметтік осал бөлігін қолдау және жұмыспен қамту" комиссиясы кезекті отырысын өткізді.

Орталық қызметкерлері депутаттарға соңғы озық жетістіктерін паш етті. Айтуларынша, тұрғындар орталыққа келіп, кез-келген министрмен, әкіммен тікелей онлайн байланыс орната алады. Зейнетақы, жәрдемақыны да бұдан былай осы жерден алуға болады.

Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қызмет аясы кеңейген. 14-14 қауырт желісіне хабарласу арқылы олар қызметкерлерді үйге шақырту мүмкіндігіне ие болмақ. Шалғай жерлердегі тұрғындар үшін 70 шақты мобильдік топ құрылған. Бар гәп халықтың мұны білмеуі, - дейді орталық қызметкерлері. Депутаттар мұны назарға алатындарын айтып, бірқатар сын-ескертпелер де жасады.

Артур Платонов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

ЦОН-дар ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жетті. Кез-келген құжатты әп-сәтте алуға болады. Десе де, біз бірқатар ескертпе жасадық. Пандус мәселесі алаңдатады. Яғни олардың ыңғайсыздығы. Көлік қою тұрақтары да жоқ. Комиссия бәрін реттеуге септесері анық.

Өз кезегінде мемлекеттік қызмет көрсету дирекциясының директоры Әсемгүл Балташева инфрақұрылымға қатысты түйіткілдер 2017 жылдың соңына дейін шешімін табады деп уәде етті. Айта өтейік, партияның сайлауалды тұғырнамасында мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру тетіктері қарастырылған. Сондықтан көшпелі отырыс барысында проблемалы тұстар майшаммен қаралды. Отырысқа Ұлттық экономика, Ақпарат және коммуникация министрлігінің өкілдері де қатысты. Жиын қортындысы бойынша "Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы мен тиісті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар жүктелді. Айта өтейік, бүгінгі таңда елде 353 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді.