Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

"Қарағанды-Мәскеу" рейсі техникалық ақаудан ұшпай қалған

AstanaTV
18.11.2016ж. 20:00
2299
"Қарағанды-Мәскеу" рейсі техникалық ақаудан ұшпай қалған

Қарағандыдан Мәскеуге бет алған әуе рейсі техникалық ақауларға байланысты ұшпай қалды. Ұшақтың нақты қандай тетігі сынғанын ресейлік мамандар анықтайды. Бұл туралы Қарағанды қаласындағы «Сарыарқа» әуежайының өкілі телефонмен хабарлады.

Татьяна Волкова, «Сарыарқа» әуежайының әуетасымалдарды ұйымдастыру қызметінің бастығы:

Жолаушылар қонақ үйге орналастырылды. Оларға көлік берілді. Жолаушылардың арасында ресейлік әнші Егор Крид те бар. Ұшақ техникалық себептерге байланысты ұшпай қалды. Метеожағдай әсер етуі мүмкін. Тек аяздың салдарынан бұзылуы мүмкін. Ал нақты себебін бүгін Қарағандыға ұшып келетін мамандар анықтайды.

Ресейдің «Аэрофлот» компаниясының ұшағы Қарағандыдан таңғы 6-да көкке көтерілуі тиіс болатын. Алғашында, жолаушылар үш сағат бойы ұшақ салонында отырып, кейін қонақүйлерге орналастырылған. Жолынан кешіккен 130 жолаушы кешке қарай басқа ұшақпен жолға шықты.