Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Аймақтық БАҚ өкілдерінің форумы

AstanaTV
18.11.2016ж. 20:00
2446
Аймақтық БАҚ өкілдерінің форумы

Еліміздің өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен олардың шетелдік әріптестері Астанада бас қосты. Аймақ журналистерінің форумында Қазақстанның медиа саласы мен оны дамыту жолдары сөз болды. Жиынға Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қатысып, журналистердің ұсыныс-тілектерін тыңдады.

Әлібек Әлденей, «Алматы» телеарнасының директоры:

Бүгінде біздің медиа нарықта теле-радио жүргізушілері мен ұлттық қоғамдастығы мен Бас редактор клубы бар. Алайда олардың әрқайсысы шағын ғана бағытта жұмыс істейді. Ешқайсысы аймақтық БАҚ-ты қамтымайды. Яғни қорғамайды, біріктірмейді, оларға қызығушылық танытпайды. Осы орайда менің сізге ұсынысым бар. Сіз жаңадан аймақтық БАҚ өкілдерінің қоғамдық бірлестігін құруға қалай қарайсыз?

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

Иә, меніңше, уақыт келген сияқты. Біз толықтай қолдаймыз. «Журналистер альянсы», «Аймақтың журналистер альянсы», «Қазақстан журналистері» дейсіздер ме, оны қолдау керек. Қоса кетерім, қазір контент алмасу кезеңі келіп жеткендей. Оның ішінде Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты. Яғни біз осы контентті аймақтарға тапсыруға дайынбыз.

Министр дәстүрлі ақпарат көздерінің әлеуметтік желіден қалып бара жатқанын сөз етті. Оның айтуынша, месенджерлер мен желілерден қалыспау үшін көрермен мен оқырманға ұсынар өнім білу тиіс.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

Қазіргі күннің талабы ақпаратты жедел тарату ғана емес, оқырманға не қажет екендігін дәл тауып, аудиториямен тікелей байланыс орната білу. Сонымен қатар елдің мүддесін, халықтың мұң-мұқтажы мен басқа да өзекті мәселлерді терең сараптап, мемлекет саясатын, бағыт-бағдарын халыққа тиімді жеткізу керек.