Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Нұр Отан» партиясының БҚО филиалы ХХ конференциясында жастар мәселесіне баса назар аударылды

AstanaTV
18.11.2016ж. 20:00
2400
«Нұр Отан» партиясының БҚО филиалы ХХ конференциясында жастар мәселесіне баса назар аударылды

«Нұр Отан» партиясының ХХ конференциясында жастар мәселесі кеңінен сөз болды. Жиынға қатысқан «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев өмірден өз орнын таппаған жастарға қолдау көрсету керектігін жеткізді.

Мәселен, биыл мектеп бітірген 4684 түлектің 1362-сі ұлттық бірыңғай тестілеуге мүлдем қатыспаған, ал қатысқандардың 436-сы шекті деңгейден төмен балл жинапты. Бүгінде олар оқуға, жұмысқа және қайта даярлау курстарына жіберілген. Бұл ретте өңірде «Сәтті қадам» партиялық жобасының жемісті жүзеге асырылып жатыр. Осы жоба аясында жоғары оқу орындары мен колледж түлектерінің қатарындағы жетім балаларды жұмысқа орналастыруға жағдай жасалған. Ал «Жастар-Отанға!» жобасы бойынша ашылған «Кеңес орталығына» көмек сұрай келген 2210 адамға тегін кеңес беріліпті.

Қаныбек Жұмашев, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

Биыл Елбасының берген үлкен тапсырмасы жастарды қолдауға байланысты. Өмірден өз орнын таппаған, жоғары оқу орнына түсе алмаған, бірінші мамандығын ала алмаған жастарды қолдау жөніндегі үлкен жобалар басталып кетті. Сол жобалар жалғасын табатын болады.

Конференцияның күн тәртібінде партияның Батыс Қазақстан облыстық филиалы Саяси кеңесінің 2015-2016 жылдары атқарған жұмысы тыңдалды. Жиын соңында «Үздік бастауыш партия ұйымы» және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбындағы карикатуралар сайыстарының жеңімпаздары марапатталды. Байқау қорытындысы бойынша Жаңақала ауданындағы Меңдешев ауылдық округінің бастауыш партия ұйымы 271 партия ұйымының арасынан үздік деп танылды.

Абзал Ахметов, бастауыш партия ұйымының төрағасы:

Ауылдық жердегі негізгі мақсаттарымыздың бірі - бұл "Нұр Отан" партиясының мақсаттары мен міндеттерін жергілікті халықтың арасында түсіндіру, насихаттап, жеткізу. "Нұр Отан" партиясының сайлауалды тұғырнамасындағы тоғыз жобаны жүзеге асыру, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету жөнінде бастауыш партия ұйымымен үлкен нәтижеге жетіп жатырмыз.