$531.96 €622.45 ₽6.79
×

Тілшіміз наубайханаға барып, нан пісірді

AstanaTV
19.11.2016ж. 20:00
2684
Тілшіміз наубайханаға барып, нан пісірді

Тілшіміз Айгүл Әдепбай бұл жолы наубайханаға барып, нан, печенье пісірді.

Айгүл Әдепбай, тілші:

Айгүл Әдепбай осы аптада нан салады және түрлі тәтті пісіреді. Кеттік.

Наубайхана мен кондитерлік фабрикаға кіру оңай емес. Дегенмен бізге мұндай мүмкіндік бұйырды. Бұл жерден печеньенің 16 және нанның 14-15 түрі шығады. 

Ақ нан бар, 1,2-сорт нан бар, батон нарезной, үй наны, ржаной, булочка

«Ас атасы нан» деп, алдымен нан салуға кірістік. Италиялық технология ұнды сумен және өзге де қоспалармен қосып өзі илеп береді. Бәрін граммдап салады. 

Ұн саламыз. Мен қазір түшкіремін.

Бұл жердегі жұмысшылардың көзі үйренген. Ал мен біресе көп салып, біресе жеткізбей салып әлек болдым. 

Тұз 126 грамм, ой. О, дәл болды, 126. Тұзы ащы болып кетсе, менен көрмеңіздер.

Мынау қант қой иә, негізі? Тұз болып кетпесін. Дәмін көрейін бе? Қант сияқты бірақ. Не болса да кетті енді. Қант па, тұз ба білмеймін.

Старт басамыз, біздің қамырымыз осы жерде иленіп, су кетті арасына, дайын болып шығады. Осынша көлемде қамыр илеп көрмеппін.

Мына жерде 6-7 келідей қамыр бар, қазір оны салып басамыз.

Қазір басылған қамырды жаямыз.

Жаңағы біз жайған қамыр өзі келіп оралды. Мұны біз көтеріп мына жерге қоямыз.

Қамырымыз келе жатыр. Қазір біз батон нан дайындаймыз.

Бір батонның салмағы 450 грамм болу керек. Ал мен тағы да бірде аз, бірде көп кесіп, наубайханашыларды шаршаттым.

450 гр болу керек қой иә? -432 біреуге аздау тиеді. Бұл нанды жеген адамдар маған ренжімеңіздер, неге аздау деп. 

Швейцариялық пештер орнатылған. Жан-жақтан ыстық үрлеп, ұн өнімдерін 15-20 минутта пісіріп шығарады.

Біздің нанымыз дайын болды. Оны алу үшін қолғап киеміз. Ооо, қалай ыстық мына жер. Бұл нан енді астаналықтардың дастарханына барады.

Мммм, жаңа ғана пештен шыққан нанның иісі қалай керемет. Дәмін көрейік. Ммм, керемет! Қаймақпен жеу керек.

Нан салып болып, печеньге кірістік.

Қазір біз құм печеньелерін жасаймыз. Ол үшін қалыпты орналастырады. Сосын бар болғаны мына түймешені басады. Кетіп қалды ма, деп қалдым. Мен дайындаған печеньелер шығып жатыр.

Мынадай бір қалыпқа 84 печенье сияды.

Қамыр мынаның ішінде.

Жұлдызша формасындағы печеньелар дайын. Оны пешке апарамыз.

Бұл 200 грдуста 17 минут піседі.

Жаңағы дайындаған печеньелердің үстін әрлейміз. Жаңғақ бар, бір түрі жаңғақпен, екінші түрі кокос үгінділерімен. Бұл процестің бәрі қолмен жасалады. Яғни бұған дейінгілерінің барлығы автомат болса, мына жерде адам қолы керек.

Кондитердік фабрикадағы адамның күш жігері мықты болу керек шығар. Сан түрлі тәттінің дәмін көрмей шыдау мүмкін емес сияқты.

Мен өзімді әзер ұстап тұрмын, мыналардың бәрін жеп, дәмін татқым келіп тұр.

Ақыры шыдамадым.

Ммм, no comments!

Мен дайындаған тәттілер, Астанаға тарайды, Қарағандыға тарайды, Айгүл Әдепбай дайындаған печеньеларды жеп отырасыздар, жақын арада.

Мына жерден қазір біз, көтере алғанша, қаншасын көтере аламын, соншасын үйге алып кетемін.

Қалжың әрине, қайтарып бердік печеньелерін, десе де құр алақан кеткен жоқпыз. 

Міне дайын өнімді шығарып болдық. Бұл сіздердің дастархандарыңызға жол тартатын тәттілер. Осымен Айгүл Әдепбайдың фабрикадағы жұмысы аяқталды. Келесі аптада жаңа мамандық игереміз.  

Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық