$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Жазушы Шәрбану Бейсенованың «Сүйінбике - ұлы дала аруы» атты кітабының тұсауы кесілді

AstanaTV
24.11.2016ж. 20:00
5413
Жазушы Шәрбану Бейсенованың «Сүйінбике - ұлы дала аруы» атты кітабының тұсауы кесілді

«Сүйінбике - ұлы дала аруы». Бүгін Астанада осындай атаумен жарық көрген кітаптың тұсаукесері өтті. Бұл жинақта азаттық жолында құрбан болған қайсар тұлғаның өмірі баяндалған. Сүйінбике ханым жайлы деректі материалдардан тұратын еңбек Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада оқырман қауымға таныстырылды. 

Кездесуде жазушы Шәрбану Бейсенова Сүйінбике-ханбике мен Сүзгенің кім болғаны жайлы әңгімеледі. Қазан хандығын отаршылардан қорғау үшін жан аямай қарсы тұрған патшайымның шыққан тегі, өскен ортасы жайлы тың деректер айтылды. "Тәуелсіздіктің арқасында өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанды. Өскелең ұрпақ тарихи тұлғалармен танысуға мүмкіндік алып отыр", - дейді автор.

Шәрбану Бейсенова, жазушы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

Еліміз тәуелсіздік алып, 25 жыл толып отыр. Сүйінбикенің мына кітабы соның қарсаңында шықты. Және Сүйінбике патшайымның туғанына 500 жыл. Бұл сол кісінің 500 жылдығына жасаған тартуымыз қолдан келгенше. Барлық білгенімізді, деректерімізді осы бір кітапқа салуға тырыстық.