Румынияда
«ҚазМұнайГазға» тиесілі зауытта жарылыс болып, бір адам қаза тапты. Мұндай
ақпарды осы елдің «Agerpres» агенттігі хабарлап отыр. «Петромидия» мұнай өңдеу
кешенінде орын алған апаттан 4 қызметкердің зардап шеккені айтылуда. Денесінің
90 пайызын күйік шалған науқастың бірі Бухарест қаласының ауруханасында көз
жұмған. Тағы 2 адам ыстан уланған. Болжамға қарағанда, жарылысқа жанармай
сорғысы мен 2 азот резервуарынан кеткен ақау себеп болған көрінеді. Қазір
арнайы комиссия құрылып, істің мән-жайы анықталуда.
«Петромидияның» 100 пайыз
акциясы «KazMunaiGasInternational» компаниясына тиесілі. Қара теңіз жағасындағы жалғыз мұнай өңдеу
зауыты Румыния аумағының 30 пайызын жанар-жағармаймен қамтамасыз етіп отыр.
Таяуда зауыт толық модернизациялаудан өткен болатын. Әзірге ұлттық компания
басшылығы апатқа қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
Құралай ПИОНЕР