×

Астана атауын өзгерту ұсынысына Президенттің пікірі

AstanaTV
26.11.2016ж. 20:00
2297
 Астана атауын өзгерту ұсынысына Президенттің пікірі

Кеше Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Россия 24" телеарнасына сұхбат беріпті, сонда Астананың атауын өзгертуге байланысты былай деген:

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Куда не приезжаю, все знают Астану. Это бренд, поэтому нет необходимости изменять название столицы. В Астане произошел первый в XXI веке саммит ОБСЕ, Астана принимала Азиатские зимние игры, будет ЭКСПО-2017, съезды мировых и традиционных религий. Все это связано с Казахстаном, но везде звучит название Астана, какая необходимость менять это?

"Өзертудің қандай қажеті бар?" Президенттің бұлай ..."сауалмен" аяқтауы неден шыққаны мәлім - сәрсенбіде Парламент палаталарының бірлескен отырысы өткен, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына байланысты Декларация қабылдаған, cонда Мәжіліс депутаты Қ.Сұлтанов бастап айтқан ұсыныс тасталған:

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депуаты:

Тәуелсіздіктің ұлы жолы мәңгілік естелік болып қалуы тиіс. Конституцияда алғашқы президентіміз, ұлт көшбасшысы - Нұрсұлтан Назарбаевтың біздің мемлекетті құрудағы бірегей еңбегін атап өтуді, Елбасы есімін астананың және елдің өзге де маңызды нысандарының атауына қосуды ұсынып отырмыз.

Владислав Косарев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депуаты, «Халық коммунистері» фракциясының мүшесі:
Прошли годы, и на Евразийском континенте, в самом его центре блестит, как бриллиант,наша родина - Республика Казахстан. Величайшим мастером, который огранил этот бриллиант до нынешнего великолепия, по праву можно считать президента нашей страны Нурсултана Абишевича Назарбаева.

Негізі Президент бұл ұсынысқа байланысты бейсенбіде пікір білдірген. Модернизация бойынша ұлттық комиссияның кеңесінде Нұрсұлтан Назарбаев «...елді- мекендердің атын өзгертетін болсақ талқылап барып шешім шығарамыз»,- деген.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қай нәрсе болса, соған нұр, нұрлы деген сөздерді қосады.
И все это идентифицируется с моей персоной. Я уже много раз на эту тему говорил. Анаған да, мынаған да алып келеді де, оның барлығы считается,наверное, что я команду даю, чтобы везде писали Нур, Нурлы... Любой вопрос, переименование городов, населенных пунктов и так далее, мы будем решать взвешенно, соразмерно тому, что необходимо для государства, для страны.

Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов Астана атауын "Нұрсұлтан" деп ауыстыруды ұсынған. Оның ұсынысын басқа да депутаттар қолдаған. Депутат Мәулен Әшімбаев бұл идеяны «дұрыс, әрі маңызды» деп бағалады. Зағипа Балиева «Назарбаев» деген атау ұнайтынын, Бақытгүл Хаменова «Елбасы» деген атауды құптайтынын айтты. Сенат депутаты Михаил Бортник «Астана-Елбасы» деген атауды ұсынды. "Жағымпазданды деп ойламаңыздар, өзгерткен дұрыс" деген, Бекболат Тілеухан. Журналистер сөзге тартқандардың барлығы "солай болғанын" қалайтын болып шыққан. Ал әлеуметтік желілерде түрлі пікірлер айтылған.