Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда. Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Мемлекеттер басшылары сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА