Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қазақстан 25 жылда 260 миллиард доллар инвестиция тартты

AstanaTV
28.11.2016ж. 20:00
3063
Қазақстан 25 жылда 260 миллиард доллар инвестиция тартты

Қазақстан 25 жылдың ішінде 260 миллиард доллар шетел инвестициясын тартты. Бүгінде өзге елден қаражат тарту жағынан еліміз ТМД елдері арасында Ресейден кейінгі екінші орында тұр. Бүгін тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізілген халықаралық конференцияда Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин осылай деді.  Оның айтуынша, егемен ел болғалы, өнеркәсіп өнімдері 10 есеге, жалақы 17 есеге көбейген. Қазақстан әлем бойынша экономикасы қарқынды дамып келе жатқан үштікке кіреді.

«Даму жолындағы 25 жылда барлық қазақстандықтар үшін президенттің өзі кепіл болып келеді»,- деді Нұрлан Нығматулин. Сондай-ақ, «бүгінде еліміз Шығыспен, Батыс елдерімен, Ислам және Түрік әлемімен, Азия-Тынық мұхиты аймағымен ынтымақтастықты дамытып келеді», деді.  Форум жұмысына Бельгия, Иран, Италия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, АҚШ, Түркия, Финляндия елдерінің парламенттік өкілдері мен сарапшылары қатысты. Солардың бірі Фредерик Старр Қазақстанның сырты экономикалық өзгерістерге лайықты төтеп бере алатындығын айтты.

Фредерик Старр, Хопкинс атындағы Орталық Азия және Кавказ бойынша институтының төрағасы:

Қазақстанды әлем таниды. Қазақстан күнен-күнге дамып келеді. Білім беру жолға қойылған, мәдениет бар, Орталық Азиядағы көршілес мемлекеттермен байланыс орнатылған. Ядролық қаруға қарсы бастамаларыңызды әлем біледі. Қазақстанның мұнайға деген сұраныстың азайғанын қалай қабылдағанын қараңызшы. Ресей бұл мәселеде аса тиімділік танытқан жоқ. Ал Қазақстан бірден реформалар жасап, тиімді жолды таңдады. Кез-келген мәселені шешкенде, бұл ел тез және дұрыс шешім қабылдайды.