Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қазақ тілінде сөйлейтін толық метражды «Моана» мульфильмі үлкен экранға шығады

AstanaTV
30.11.2016ж. 20:00
3655
Қазақ тілінде сөйлейтін толық метражды «Моана» мульфильмі үлкен экранға шығады

Дисней ұсынады. «Моана». Қазақ тілінде сөйлейтін толық метражды жаңа мульфильм үлкен экранға шығады. Басты кейіпкерлерді Лидия Каден, Назерке Серікболова, Мақпал Исабекова, Бүркіт, Жәнібек Мұсаев, Сырым Қашқабаев сынды өзге де танымал актерлар мен эстрада жұлдыздары сөйлетеді.

«Моана» - «Болашақ» корпоративтік қоры қазақ тілінде дубляждаған үшінші кинокартина. Ал 2011 жылдан бері 16 кинотуынды қазақшаға аударылып, дубляж жасалды. Моана - Дисней студиясының жаңа ханшайымы. Ол - Туи көшбасшысының 14 жастағы қызы. Батыл қыз өзінің жартылай құдай досы Мауимен шытырман оқиғаға толы саяхатқа аттанады. Мульфильм кішкентай көрермендерді осыдан 2000 жыл бұрынғы заманға алып барады.