Алматыда бірнеше көшеге ат берілді, бірнешеуінің атауы өзгертілді. Мысалы, енді Ербол Сыпатаев атындағы көше бар. Ербол Мұқажанұлы - 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны. Ол 1964 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматыдағы Энергетика институтында оқып жүргенінде қазақ жастарының отаршылдық-әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене катысқан. 18- желтоқсанда ауыр жараланып, 23- желтоқсанда көз жұмған. Биыл осы көтеріліске 30 жыл. Билік бұтақтарының әлі күнге дейін «мына желтоқсаншыны көрсетуге болады, мынаны көрсетпейсіз» дейтінін журналистер біледі. Ал олардың бәрі Сыпатаев...