Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Алкоголі аз ішімдіктерді жарнамалауға рұқсат беріледі – Дәурен Абаев

AstanaTV
05.12.2016ж. 20:00
2675
Алкоголі аз ішімдіктерді жарнамалауға рұқсат беріледі – Дәурен Абаев

Қазақстанда алкоголі аз ішімдіктерді жарнамалауға рұқсат берілуі мүмкін. Алайда прайм-таймда емес. Мәжілістегі Үкімет сағатында ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев осылай деді.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

Біз алкоголі аз ішімдіктерді жарнамалауға рұқсат беруді жоспарлап отырмыз. Тек белгілі уақытта ғана көрсетіледі. Мысалы, кешкі 10-11-ден таңғы беске дейін болуы мүмкін. Бұл экономикалық дағдарыс кезінде ақпарат құралдарына көмек болады. Қазір елімізде жарнама нарығы 36 миллиард теңгені құрайды. Бұл шығындарды жабуға жетпейді. Сондықтан осындай шешім қабылдадық.

Министр журналистерді баспанамен қамтудағы кедергілерден хабардар екенін айтты. «Бізде журналистердің бір бөлігі мемлекеттік, ал қалғаны жекеменшік салада жұмыс істейді. Сол себепті оларды біріктіру заң тұрғысынан қиындық тудырады. Бірақ мәселені реттеумен айналысып жатырмыз», - деді Дәурен Абаев. Айтуынша, ақпараттық саясатты насиxаттауға мемлекеттік бюджеттен отандық БАҚ-тарға былтыр 42 миллиард теңге қаралған. Ал келесі жылға 43 миллиард теңге бөлінбек. "Бүгінде халықтың 88 пайызы отандық телеарналарды көріп отыр" деген министр Дәурен Абаев депутаттардың үнді және корей сериалдарын көрсету қашан тоқтайды деген сұрақтарына да жауап берді.

Бекболат Тілеухан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Айқайлай-айқайлай, қасқырдан да ұят болды демекші, жауыр болды. Бірақ, айтпаса, тағы болмайды. Әсіресе прайм-тайм уақытында орналастыратын бағдарламалардың контенті бойынша сұрақ көп. Нағыз халық көретін уақыттарда үндінің, корейдің сериалдары көрсетіліп жатады немесе радиоларда басқа әндер қойылып жатады.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

Адамның сұранысы бар бұған. Қала-ауылдық жерлерде бәрі көреді. Бірте-бірте арналар да одан бас тартатын шығармыз. Қазір бірден алып тастасақ, біздің көрермендер басқа арналарға кетіп қала ма деп ойлаймын.