Қызылорда облысында Сырдарияның жағалауында орналасқан ауылдарға судан келетін қауіп сейілді. Жалағаш ауданы әкімі Талғат Дүйсебаев осылай деп мәлімдеді. Жайылым жерлерді су алған, бұл мал шаруашылығына оң септігін тигізеді, елді мекендерге жетпеген,-дейді. Аудандағы төрт ауыл дарияның жағасында орналасқан. Олардын қауіпсіздігіне отызға жуық мекеме жауапты. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып отырған көрінеді. Бекіту жұмыстарына бес жүзге жуық адам жұмылдырылған. Ал тұрғындар қауіп төнген жағдайда өзге орынға көшірілуге дайын.
Талғат Дүйсебаев, Қызылорда облысы Жалағаш ауданының әкімі:
Бес
қабылдайтын орындар белгіленген, тасымалдауға 24 автобус белгіленіп, бәрі дайын
тұр күнделікті. Бүгінді таңда да мынау су жүре бастағаннан жеті жарымнан хабар
келді, соған келіп, бұл жерде де төрт-бес сағат ішінде толық осал жерлерді
дамбаларды күшейтіп, дайын тұрмыз.