Халықаралық
аккредиттеуден өтпеген ЖОО-на енді мемлекеттік грант бөлінбейді. Бірақ бұған
дейін алған сертификаттары өз күшін жоймайды. «Нұр Отан» партиясының Орталық
аппаратында өткен «Білім» бағыты бойынша комиссия отырысында сала
министрлігінің өкілі Ахметжан Пірімқұлов осыны мәлімдеді. Мұндай талаптардың
енгізілуі білімнің сапасын арттыруды көздейді.
Ахметжан
Пірімқұлов, ҚР БҒМ білім беру және ғылым саласындағы бақылау комитетінің
төрағасы:
Грант
пен дипломға байланысты. Егер сіз аккредитация өтпесеңіз, ол ВУЗ-ға грант
берілмейді. Оған оқушалыр грантпен түсе алмайды.
Жиын
барысында баяндама жасаған Мәжіліс депутаты Наталья Жұмаділдаеваның зерттеулері
жиналғандарды қуанта қоймады. 2016 жылы 449 мектепке дейінгі мекеменің тек
118-і ғана мемлекеттік аттестациядан өткен. 757 орта мектептің 413-і стандартқа сай. Соңғы екі жылда
3 мыңнан астам ЖОО-ны халықаралық аккредиттеуден өтуге өтініш білдірген. Соның
440-ы ғана тиісті сертификатқа ие болды.
Наталья
Жұмаділдаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты "Нұр Отан"
фракциясының мүшесі:
Атқарушы
билікпен бірлесе отырып, белгілі бір жүйені ойлап табу керек. Мен ұстаздардың
біліктілігі үшін жауапкершілікті министрлікке де, комитетке де артуға
болмайтынын түсінемін. Заңға сәйкес бұл талап білім беру орталығы
құрылтайшысының құзыретіне жатады. Проблеманы түбегейлі шешіп, жұмыс істеу механизмін
енгізіп, бақылауды бекітетін уақыт келген сияқты.