$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Иран билігі елдің ұлттық валютасын өзгертуге келісімін берді

AstanaTV
08.12.2016ж. 20:00
2135
Иран билігі елдің ұлттық валютасын өзгертуге келісімін берді

Иран билігі елдің ұлттық валютасын өзгертуге келісім берді. Жаңа валюта болып «туман» қабылдануы мүмкін, - деп хабарлайды ABC news.

Еске салсақ, «туман» 1932 жылғы реформадан кейін Иранның валютасы болып қабылданған. Оны қайта қолданысқа енгізу туралы шешімді парламент пен конституция кеңесі мақұлдауы қажет. Туманның біреуі қазір Иранда қолданылып келе жатқан 10 риалға тең. Егер жаңа валюта енгізілсе, АҚШ-тың 1 доллары 320 туманға сай келеді деп күтүлуде. 

Дәуренбек БАҚДАУЛЕТ