Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Тәуелсіздікпен құрдас 80 сақшы

AstanaTV
08.12.2016ж. 20:00
3443
Тәуелсіздікпен құрдас 80 сақшы

Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінде 80 тәртіп сақшысы Тәуелсіздікпен түйдей құрдас. Олар бұл салаға әр жылдары келгенімен, ұстанымдары бір. Ел ішіндегі тәртіпке жауапты. Егемендікке 25 жыл толуына орай, сақшылар арнайы акция өткізді.

Виктор Букреев, Солтүстік Қазақстан облысы ІІД басшысының орынбасары:

Бұл флешмоб тәуелсіздіктің құрдастарының бастамасы бойынша өткізіліп жатыр. Осы шараның арқасында мерейтойға орай өзіміздің сый-құрметімізді көрсеткіміз келеді. Жыл басынан бері ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты 34 шара ұйымдастырылды.

34 шараның бірі бүгін барлық сән-салтанатымен өтті. 80 сақшы қаз-қатар тізіліп, 25 санын бейнеледі. Сондай-ақ, олар қызметтік көлікпен де осы санды суреттеді. Бірегей флешмобтың соңында полицейлер аспанға әуе шарларын ұшырды. 

Абзал ҚҰРМАНКИН