$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Нұр Отан» партиясы жанындағы құқықтық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті

AstanaTV
09.12.2016ж. 20:00
3135
«Нұр Отан» партиясы жанындағы құқықтық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті

Мәжіліс депутаттары эксперимент ретінде мемлекеттік мекемелерге бірнеше мәселе бойынша сұраныс жолдаған. Алайда бір де біреуінен тұшымды жауап алмапты. Бұл халық пен мемлекеттік органдар арасында дұрыс байланыс жоқтығын көрсетеді. Осыдан кейін «Ақпараттық қол жетімділік» туралы заңнаманың кей механизімдерін толықтыру қажеттігі туындап тұр.

«Нұр Отан» партиясы жанындағы құқықтық кеңестің кеңейтілген отырысында осы мәселе талқыланды. Жиында ақпараттық қол жетімділіктен өзге, «Қоғамдық кеңестер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдардың да кемшін тұстары қаралды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Сараптамаға көз жүгіртсек, мерзімінде жауап берген органдар аздау сияқты. Сондықтан бүгінде заңда біраз кемшіліктер шыққанын көтеріп жатырмыз.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Өңір - өңірде біз қанша тиімді екенін зерттеп, мониторинг жасадық. Сол мониторингті біз бүгін ортаға салып, пысықтап жатырмыз.

"Нұр Отан" фракциясының мүшелері заңды белден басып, қарапайым халықты ақпаратпен қамтамасыз етуге кедергі келтіргендерге қадағалаушы органмен бірігіп шара қолданбақ. Ол үшін бұқарамен байланыстың қалай жүретінін көрсететін «модель» құру жоспары бар. Елбасының бастамасымен құрылған құқықтық комисия  2,5 жыл ішінде 14 заң жобасын талқыға салған. Оның ішінде Қылмыстық атқару кодексі, Әкімшілік заң жобасы сынды ауқымды құжаттар бар.

Фархад Қуанғанов, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

Құқықтық комиссия үлкен жұмыстар атқарып келеді. Әсіресе ақпараттық және эксперттік талдау саласындағы жұмысы, 5 институционалды реформаны жүзеге асыруға қосқан үлесі де айтуға тұрарлық.