Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Ақтөбе» футбол клубы қарыздан қашан құтылады?

03.02.2023ж. 20:00
1115
«Ақтөбе» футбол клубы қарыздан қашан құтылады?

Футболдан ел біріншілігінің басталуына 1 ай уақыт қалды. Вице-чемпион «Ақтөбе» қаржылық қиындықтан құтыла алар емес. Жергілікті әкімдік уәде берген. Бірақ әлі күнге дейін футболшылар, жаттықтырушылар мен қызметкерлер айлықтан бөлек, демалыс ақшасы мен сыйақыларын алмаған. Клубқа қарасты футбол орталығы мен футзал командасының ойыншылары мен бапкерлері де жалақысыз отыр.

Ерлан ЖАМАНТАЕВ, «АҚТӨБЕ» ФК БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Аталған қаржылық мәселені шешу үшін жұмыс істеп жатырмыз. Бапкерлік штаб пен ойыншылардың алдындағы былтырғы маусымның қарызын жабу үшін қосалқы демеушілерді тарту үстіндеміз. Алдағы уақытта жағдай тұрақталып, бұл мәселе трансферлік саясатқа кедергісін келтірмейді деп үміттенеміз.

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов мәскеулік ЦСКА футбол клубының оқу-жаттығу жиынында би биледі. Әлеуметтік желіде тараған видеода оның өнеріне командаластары қол соғып қолдау білдірген.

«Барселона», ПСЖ және «Ювентус» клубтарының бұрынғы футболшысы Дани Алвес абақтыда тұтқындармен теңбіл доп теуіп жүр. Оның допты ұршықша иіретін өнерін тамашалағысы келгендер көп болыпты. Ол «зорлады» деген айыппен кепілсіз қамауға алынған. Темір тордағы өмірге бейімделуін La Vanguardia газеті жариялады.

Дани АЛВЕС:

Мен не келсе де қабылдаймын. Мен небәрі 15 жасымда үйден кетіп қалдым. Мен өмірімде өте қиын жағдайларға тап болдым. Бұл соның бірі, ол да өтеді. Мен ештеңеден қорықпаймын.

Ал Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси 2026 жылғы әлем чемпионатына қатыса ма? Жанкүйерлердің талқысында жүрген сұраққа өзі жауап берді.

Лионель МЕССИ, «АРГЕНТИНА» ҚҰРАМАСЫНЫҢ КАПИТАНЫ:

Білмеймін, жасыма байланысты чемпионатқа қатысу қиын болады деп үнемі айтатынмын. Мен футбол ойнағанды жақсы көремін. Бірақ келесі әлем біріншілігі әлі алыс.

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC-дегі жасы 30-ға толмаған 30 мықты спортшының тізіміне қосылды. Қазір ол 13-ші сатыда. Жартылай орта салмақтағы отандасымыз кәсіпқойдағы барлық жекпе-жегін уақытынан ерте аяқтаған. Рекорды – 16:0.

М. Қалиасқар