Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Түркия Сирия аумағына тағы бірнеше танкісін кіргізді

AstanaTV
25.08.2016ж. 20:00
2179
Түркия Сирия аумағына тағы бірнеше танкісін кіргізді

Түркияның тағы бірнеше танкісі Сирия аумағына кірді, деп хабарлайды Рейтерс. Еске салайық, кеше Түрік елі «Евфрат қорғаны» деп аталатын әскери операциясын бастаған. Бұл негізінен солтүстіктегі Джараблус қаласы маңында ДАИШ пен күрд әскери содырларының көзін құртуға бағытталды. Қазір түріктерге АҚШ коалициясы басшылық ететін арнайы жасақ көмек көрсетуде. Сирия аумағында бас-аяғы 20-ға жуық танк бар, ел билігі қажет болса тағы да қарулы күштер жұмылдырамыз деп отыр.

Түріктер қолдау көрсететін Джараблус қазір толық бақылауда, олар қарсыластарын оңтүстікке қарай 10 шақырымдай ығыстырған. Түркия сыртқы істер министірлігі күрдтердің Евфраттың шығыс жағалауына өтуін талап етуде, әйтпесе елдің ұрысқа араласуға құқығы бар деп отыр. Ал Сирия билігі, түріктердің бұл ісін мемлекеттің егемендігіне қол сұғу, дейді.