$457.29 €490.35 ₽5.97
×

Шетелдік автокөлікті заңдастыруға уәде берген алаяқ ұсталды

AstanaTV
03.02.2023ж. 22:13
336
Шетелдік автокөлікті заңдастыруға уәде берген алаяқ ұсталды

Астана тұрғындарына шетелдік автокөлікті заңдастыруға уәде берген алаяқ анықталды. Байқоңыр ауданының полиция басқармасына қала тұрғыны алаяқтықтың құрбаны болғаны туралы арызданған. Polisia.kz мәліметінше, ресейлік есептегі автокөліктің иесі белгісіз бір ер адаммен танысқаны белгілі болды. Ол шетелдік көлікті заңдастыруға көмектесуге уәде берген. Бейтаныс адамға сеніп, астаналық оған 250 мың теңге берген. Ақшаны алғаннан кейін “көмекші” белгісіз бағытта қашып кетті. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер алаяқтыққа қатысы бар 35 жастағы ер адамды ұстады. Тергеу барысында бұл алаяқтың алғашқы құрбаны емес екендігі анықталды. Сол сияқты, ол қысқа мерзімде жүргізуші куәлігін алуға көмектесуге уәде беріп, тағы екі азаматты алдаған. Аталғаy дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Елорда аумағында жасалған басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах