Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Тараз қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүріп жатыр

AstanaTV
04.02.2023ж. 14:30
1305
Тараз қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүріп жатыр

Тараз қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу басталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінен мәлім етті, деп хабарлайды Астана телеарнасы Azattyq Rýhy сілтеме жасап.

Шенеуініктер өз өкілеттігін теріс пайдаланған.

«Тергеу кезінде 2021 жылы Тараз қаласының жер комиссиясы қала тұрғынының шаруа қожалығын жүргізуге арналған жер учаскесін жалпы ауданы 3,56 га болатын ғимараттар мен құрылыстар салуға арналған басқа 2 жер учаскесіне өтеусіз ауыстыруға шешім шығарғаны анықталды», - делінген хабарламада.

Жер учаскелерін негізсіз ауыстыру салдарынан мемлекетке 159 млн теңге көлемінде шығын келді. Сот санкциясымен Тараз қаласы жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы және бұрынғы сектор меңгерушісі қамауға алынды.