Алматы-Өскемен күре жолының бір бөлігі жабылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы хабарлады.
«Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты «Алматы-Өскемен» күре жолының Қонаев қаласынан Жоламан ауылына дейінгі аралығында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді», - деп жазды ведомстводан.
Айта кетейік, бұған дейін «Көкпек-Кеген-Түп» тасжолының Аласа қиылысынан Кеген ауылына дейінгі аралығында жол жабылған.