$541.18 €636.05 ₽6.52
×

Қарағандылық дәрігерлер бірнеше магнит жұтып қойған баланың өмірін сақтап қалды

AstanaTV
06.02.2023ж. 19:15
Қарағандылық дәрігерлер бірнеше магнит жұтып қойған баланың өмірін сақтап қалды

4 ақпан күні Облыстық балалар ауруханасына іш ауыруы, бірнеше рет құсу шағымдарымен шұғыл түрде, 2 жастағы бала түсті. Қабылдау бөлмінде іш қуысы мүшелерінің рентгенографиясы жасалып, асқазан-ішек жолдарында бөгде заттар (магниттер) анықталды. 

Тез арада балаға операция жасалды. Операция кезінде ішек перфорациясының аймақтары анықталды, оның себебі: 11 дана металл магниттер екені белгілі болды. Операция 1,5 - 2 сағатқа созылды. Қазіргі уақытта бала жансақтау бөлімінде.