Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Павлодарда сыра ішкен шенеунік жұмысынан қуылды

AstanaTV
07.02.2023ж. 14:51
2141
Павлодарда сыра ішкен шенеунік жұмысынан қуылды

Павлодарда сыра ішкен шенеунік жұмысынан қуылды. Ол мас күйінде көлік тізгіндеген. Өткен жылы 31 қазанда кешкі сағат онның шамасында полиция қызметкерлері Көктөбе ауылының Қазыбек би көшесі бойымен келе жатқан көлікті тоқтатқан. Lada Granta қызметтік көлігін Май ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысы Еңлік Тайшыбаева басқарыпты. Полицейлер шенеунікті аудандық ауруханада куәландыруға жібергенде оның жеңіл дәрежеде мас болғаны анықталған. Келіншектің айтуынша, сол күні оның тамағы ауырып, өзін нашар сезінген. Ол емделудің дәстүрлі емес әдісін қолдануды жөн көріпті. Яғни, қысқатолқынды пеште «Балтика» сырасын қыздырып ішкен. Ал үйіне ағасының немерелері келгендіктен, оларға балмұздақ алып беру үшін қызметтік көлікпен дүкенге барған.

Май ауданының соты Еңлік Тайшыбаеваны ӘҚБтК-нің 608-бабының бірінші бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 20 тәулікке қамау түрінде жаза белгіледі.

Облыстық әдеп жөніндегі кеңес бірауыздан Май ауданының жер қатынастары бөлімінің бастығын атқаратын қызметінен босатуды ұсынды. Аудан әкімдігінде тиісті шешім қабылданатынын хабарлады.

Еңлік Тайшыбаева 30 жылдан аса уақыт мемлекеттік қызметте істеген.